Өзбекстан мен Италия арасында медицина саласында студенттер алмасу жолға қойылады
Рим қаласында өткен Өзбекстан мен Италия жоғары оқу орындары ректорларының екінші форумы аясында Өзбекстан Республикасының жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қоұыратбай Шарипов Италия Республикасының Пьемонт өңірінің денсаулық сақтау министрі Федерико Рибольдимен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе медицина, фармацевтика және парамедицина салаларында кадр даярлау, ғылыми зерттеулер мен академиялық алмасуды дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуде медицина саласындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын кеңейту, профессор-оқытушылар мен студенттер алмасуын жолға қою, Италияның озық клиникаларында тәжірибеден өту мүмкіндіктерін жасау, сондай-ақ медбикелер даярлау жүйесі бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

Атап айтқанда, Самарқанд мемлекеттік медициналық университеті мен Пиза университети арасындағы бірлескен магистрлік бағдарламаны дамыту, студенттерге арналған гранттар мен стипендия тетіктерін енгізу, италиялық мамандарды оқу үдерісіне тарту және клиникалармен тікелей ынтымақтастықты күшейту жөнінде пікір алмасылды.

Кездесу соңында тараптар медицина білімі мен денсаулық сақтау саласында ұзақ мерзімді, практикалық әрі нәтижелі ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін білдірді.