Түркіменстан мен Қытай «Галкыныш» газ кен орнында жаңа жобаны іске қосты
Түркіменстан мен Қытай Қарақұм шөлінде орналасқан, әлемдегі ең ірі газ кен орындарының бірі саналатын «Галкыныш» кенінде жаңа даму кезеңін бастады. Аталған жоба «China National Petroleum Corporation» (CNPC) қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.
Жоспарланған жобаның ашылу рәсіміне Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердымухамедов және Қытай Премьерінің орынбасары Дин Сюэсян қатысты.
«GaffneyCline» ұйымының мәліметінше, 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Галкыныш» кені әлемдегі табиғи газ қоры бойынша екінші ірі кен орны болып саналады.