Ташкентте Өзбекстан-Франция университеті ашылады
Ташкент қаласында Өзбекстан-Франция университеті ашылып, қыркүйек айынан бастап университеттің дайындық курстары өз жұмысын бастайды.
Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің хабарлауынша, 11 наурызда министрі Қунғиротбой Шарипов Францияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Орелия Бушезбен кездесті.
Тараптар екі елдің жоғары білім, кәсіптік білім, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастығын, сондай-ақ өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

«Ташкент қаласында Өзбекстан-Франция университетін ашу, осы жылдың қыркүйек айынан бастап университеттің дайындық курстарының жұмысын бастау, оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларын жасау және бекіту, профессор-оқытушылар құрамын тарту сияқты мәселелер қаралды.
Кәсіптік оқу орындары оқытушыларының Францияда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, студенттерге француз тілін оқыту бағдарламаларын одан әрі жетілдіру, француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жөнінде пікір алмасты», делінген хабарламада.

Кезесу күн тәртібінде осы жылдың қазан айында Ташкентте өтетін Өзбекстан-Франция ректорлары форумына дайындық мәселелері де қаралған.