Ташкентте «Tashkent Flowers Fest — 2026» гүлдер фестивалі өтеді
Ташкент қаласында 7–9 мамыр күндері Юнусабад ауданындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы алаңында «Tashkent Flowers Fest — 2026» гүлдер фестивалі өтеді.
Айтулы шара күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады, ал келушілер үшін кіру тегін болады.
Фестиваль аясында тек сирек кездесетін гүлдер көрмесі ғана емес, сонымен қатар танымал өнерпаздардың қатысуымен концерттер, шығармашылық ұжымдардың қойылымдары және түрлі интерактивті ойын-сауық бағдарламалары ұсынылады.