Ташкентте Жаһандық кинология форумы өтіп жатыр
Ташкент қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымының VII Жаһандық кинология форумы өз жұмысын бастады.
Форумның ашылу рәсіміне Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Ян Сандерс, ӨР Кеден комитетінің төрағасы А. Мавлонов, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымына мүше 50-ден астам мемлекеттің кеден қызметі өкілдері мен 15-тен астам халықаралық ұйымның сарапшыларынан құралған 150-ден астам қатысушы бас қосты.
Мемлекеттік кеден комитетінің хабарлауынша, үш күнге жоспарланған форум аясында әлемдік кеден қауымдастығы мен кинология саласының мамандары бір алаңда, заманауи шекаралық-кедендік қауіпсіздік, қызметтік иттерді даярлау және кинологиялық қызметтерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.
[gallery-31284]