Ташкентте дзюдодан тағы бір тарихи жарыс өтеді
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) биылғы жылдың қалған бөлігіне арналған жарыстар күнтізбесін жаңартты.
Жаңартылған күнтізбедегі маңызды жаңалықтардың бірі – Ташкенттің тағы бір беделді халықаралық турнирді қабылдайтындығы. Халықаралық дзюдо федерациясының шешімімен тарихта тұңғыш рет жасөспірімдер арасында Гран-при санатындағы жарыс ұйымдастырылады.
24–25 қараша күндері Ташкентте «Saber Tashkent Grand Prix» турнирі өтеді. Бұл дода жас дзюдошылар үшін әлемдік деңгейдегі маңызды бәсекелердің біріне айналмақ.
Аталған турнир қарсаңында, яғни 19–22 қараша аралығында Өзбекстан астанасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын да қабылдайды.
Осылайша, қараша айында Ташкент дүниежүзінің үздік жас дзюдошылары бас қосатын ірі халықаралық орталыққа айналып, әлемдік дзюдо қауымдастығының назарын өзіне аудармақ.