Ташкентте Drift бойынша Орталық Азия кубогы өтті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкент қаласындағы CAEx көрме орталығында үш күн бойы өткен іс-шаралар еліміздің автомобиль өнеркәсібіндегі жетістіктер мен салада жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтиже бере бастағанын көрсетті.
Бұл жарысқа Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Латвия және Жапониядан келген спортшылар қатысты. Жалпы саны 28 автокөлік додаға түсті.
[gallery-29711]
Drift бойынша жекелей сайыста Андрей Челушкин (Уфа) жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындар тиісінше Олег Хридочкинге (Екібастұз) және Николас Бертансқа (Рига) бұйырды.
Сонымен қатар, жарыстар барысында автомобиль жасау саласындағы соңғы жетістіктер таныстырылып, автокөліктер көрмесі мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА