Сирияда парламент сайлауы күзде өтеді
Сирияда Башар Асад биліктен кеткеннен кейінгі алғашқы парламент сайлауы 15–20 қыркүйек күндері өтеді.
Бұл туралы елдің Мемлекеттік мәжіліс сайлауын ұйымдастыру жөніндегі Жоғарғы комитет төрағасы Мұхаммед Таха әл-Ахмад хабарлады.
210 орынның үштен бірін қазіргі өңір басшысы Ахмад аш-Шара тағайындайды, ал қалғандары сайлау арқылы белгіленеді. Әрбір өлкеде жеке сайлау округтері құрылмақ.
Сонымен қатар, Сирияда тұрақты конституция қабылданып, жалпы сайлау өткенге дейін жаңа Халық комитеті уақытша парламенттің міндетін атқарады.
Бұл хабар елде саяси өтпелі кезең шиеленісіп тұрған бір сәтте жарияланды. Белгілі болғандай, оңтүстіктегі Сувейда өлкесінде друз діни азшылығы мен қарулы бәдәуилер арасындағы қақтығыстар жүздеген адамның өмірін қиды. Осы тұста Израиль де жағдайға араласып, үкімет күштеріне және Қорғаныс министрлігі ғимаратына соққы бергенін растады.