Сирия ұлттық валютаны жаңғыртады
Сирия Орталық банкінің басшысы Абдулқодир Хусарий ұлттық валютаны жаңғырту мақсатында суреті мен белгісі жарияланбаған алты түрлі банкнот сериясы айналымға шығарылатынын мәлімдеді.
SANA ресми ақпарат агенттігі таратқан хабарламада шенеунік жаңа ақша ұсақ, орта және ірі көлемде шығарыла берілетінін атап өткен.
– Бұл қадам тексеру үдерісін жеңілдету және халықаралық стандарттарға бейімделу үшін жасалып отыр, – деген маман.
Шығару және тарату кезеңі аяқталған соң банкнот туралы толық ақпарат жұртшылыққа ұсынылады. Жаңа банкнот айналымдағы ескірген ақша бірлігін алмастырады, бірақ жалпы көлемін арттырмайды.
– Жаңғырту жолындағы бұл бастама ақша массасын көбейтуге емес, нарықтағы айналымды реттеуге және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты ақша-несие саясатын білдіреді, – деген ол.