Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқына үндеу жолдауда
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан парламенті мен халқына үндеу жолдауда.
- Өзбекстан ұлттық дамудың жаңа дәуіріне батыл қадам басып келеді. Өміріміздің барлық салаларында үлкен өзгерістер орын алуда.
Биыл халқымыздың саны 36 миллионнан асты. Жыл сайын біздің қатарымызға 900 мыңға жуық жаңа ұрпақ қосылуда.
Өзбекстан деп аталатын үлкен тату-тәтті отбасының әрбір мүшесінің бейбіт, бақуатты өмір сүруі үшін қажетті жағдайды жасауға ұдайы күш салып келеміз. Аяқталып келе жатқан 2022 жыл өте күрделі де сынаққа толы жыл болды.
Осы уақыт ішінде жинақтаған тәжірибеміз бір шындықты айқын дәлелдейді: даму тек ерлік және еңбекпен ғана жүзеге асады!», - деді Мемлекет басшысы.
Еске салар болсақ, шараға Олий Мажлис Сенаты мен Заң шығару палатасының депутаттары, мемлекеттік ұйым басшылары, қоғам өкілдері қатысуда.
Өзбекстанның саяси өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылатын бұл шара 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.