Сербия президенті парламентті таратып жіберді
Сербия президенті Александр Вучич сәрсенбі, 1 қарашада парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау 17 желтоқсанда өтетінін мәлімдеді.
Deutsche Welle мәліметінше, бұл жағдай ел астанасы Белградты қоса алғанда 65 муниципалитеттегі жергілікті сайлаумен тұспа-тұс келеді.
Сербия үкіметі «қоғамның бір бөлігі» мен оппозициялық партиялардың өтініші негізінде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу идеясын алға тартты. 30 қазанда жарияланған үкімет мәлімдемесінде мерзімінен бұрын дауыс беру «қоғамдағы қарама-қарсы позициялар арасындағы қайшылықты азайтуды» қамтамасыз етеді.
Еуропалық комиссия Сербияны Косовомен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге шақырады
«Біз барлығымыз Сербияның өмірлік маңызды мүдделері үшін күресте бірігуіміз қажет уақытта өмір сүріп жатырмыз, бұл уақытта Косовоға қатысты ұстанымымыз үшін де, басқа да аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша қысым жасалып отыр», - деген президент Вучич.
Қазіргі парламенттің өкілеттігі 2026 жылы аяқталуы керек еді.
Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен 31 қазанда Сербияға келді. Белградта ол Сербия үкіметін өзі бұрын барған Косовомен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге шақырды. Урсула фон дер Ляйен сонымен қатар Сербияны Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қосылуға, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыспен күресуге және заң үстемдігін сақтауға шақырған.