Сауд Арабиясы Түркияның жойғыш ұшағы бағдарламасына қатысуы мүмкін
Сауд Арабиясы Түркиямен «KAAN» бесінші буын жойғыш ұшақтарын әзірлеу бағдарламасына қосылу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Хабарда айтылуынша, Эр-Рияд ұшақтарды сатып алудан бастап бірлесіп өндіруге дейінгі ынтымақтастықтың түрлі нұсқаларын қарастырып отыр. «Turkish Aerospace Industries» (TUSAŞ) компаниясының бас директоры Мехмет Демироғлу бұған дейін Сауд Арабиясымен келіссөздер «ең жоғары деңгейге» жеткенін айтқан еді.
«KAAN» ұшағының алғашқы сынақ ұшуы 2024 жылғы ақпанда өтті. Қазіргі уақытта Түркия жаңа ұшақтың техникалық мүмкіндіктерін сынауды жалғастырып жатыр.