Санкт-Петербургтің қайталанбас ақ түндері
ФОТОРЕПОРТАЖ
Әлемде күндіз де, түнде де сұлулығын жоғалтпайтын ғажап қалалар аз емес. Соның ішінде Санкт-Петербургтің орны бөлек. Бұл шаһарда жаздың белгілі бір апталарында күн мен түннің арасы тіпті білінбей кетеді. Қала ақ түндердің құшағына еніп, өзінің көркем, ең тылсым келбетін паш етіп, оны шырайға бөлейді.
Маусым айының ортасына қарай Нева жағалауында күн толық батпайды – ол тек көкжиектің ар жағына ығысады да, аспан өзіне тән жарық нұрынан айрылмайды. Ол күңгірт те емес, жарық та емес, күн мен түннің арасындағы жұмбақ бір тамаша сәтті елестетеді. Бұл мезет бар болғаны бірнеше сағатқа ғана созылады. Міне, дәл осы уақытта қалаың нағыз өзгеше тынысы ашылып, қайталанбас ерекше күйге енеді.
[gallery-29910]
суреттерді түсірген Ж.НОРҚОБИЛОВ, ӨзА