Ресейде Ми-28 тікұшағы апатқа ұшырады
Ресейдің Калуга облысында жоспарлы ұшу кезінде Ми-28 шабуылдау тікұшағы апатқа ұшырады.
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиға Брянскпен шекаралас аймақта болып, салдарынан экипаж қаза тапқан.
Облыс әкімі Владислав Шапша апат орнында жедел топ пен құтқарушылар жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Тікұшақ Кленки ауылының маңындағы орман алқабына құлаған.
Қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған тікұшақ бойынша мәліметінде, оқиғаның негізгі себебі ретінде техникалық ақау көрсетілген.