Қытайда Азиядағы ең үлкен литий кеніші табылды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Яцзян қаласында қоры миллион тоннаға жуық литий кені табылды.
Синьхуа хабарынша, бұл кенішті Азиядағы пегматит түріндегі мономерлі литий кенінің ең ірі көзі етеді.
Литий батареяларды, күн батареяларын және электромобильдерді өндіруге қажетті негізгі ресурстардың бірі болып табылады. Қытай, өз кезегінде, литий өңдеу бойынша әлемде көшбасшы. Бұл елде әлемдік литий өндірісінің шамамен 60 пайызы бар.
2023 жылдың шілдесінде Халықаралық энергетикалық агенттік соңғы бес жылда электромобильдер, жел турбиналары, күн батареялары және басқа да экологиялық таза технологиялар жасау үшін қажетті металдар мен минералдар нарығы екі есеге өскенін хабарлады. Сонымен қатар, литийге деген сұраныс үш есе өсті.