Президенттің жастармен кездесуі басталды
Президент Шавкат Мирзиёевтің «Көксарай» резиденциясында жастармен кездесуі басталды.
Бұл кездесуге, Қарақалпақстан, облыстар және Ташкент қаласындағы студиялардан кездесуге 60 мыңнан астам жас өкіл қатысып отыр.
Мемлекет басшысы жиналғандарды шынайы құттықтады.
– Еліміздегі 22 миллионнан астам жастарымыздың бейнесінде біз орасан зор экономикалық, әлеуметтік және саяси күшті көреміз, – деді Президент.
Сондай-ақ әрбір министр, әкім, жоғары оқу орнының ректоры, техникум және мектеп директорлары мен өзге де жауапты тұлғалар өңірлеріндегі жастардың тіл және кәсіп меңгеруіне, спортпен айналысуына, идеялары, жобалары мен стартаптарына қолдау көрсетіп, оларды дамытуға, жұмыс және табыспен қамтамасыз етуге, бірде-бір жасты назардан тыс қалдырмауға жоғары жауапкершілікпен қарауы қажет екені атап өтілді.
ӨзА