Польша Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтарын бермейтінін мәлімдеді
Польша Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтарын беру жоспарын тоқтатты. Бұған Киевтің ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану тәжірибесіне қатысты келісім шартын орындамағаны себеп болған.
Польша Премьер-министрінің орынбасары әрі қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыштың айтуынша, екі ел арасында Украинаның дрондарды жауынгерлік жағдайда қолдану тәжірибесімен бөлісуі, ал Варшаваның соның есесіне МиГ-29 жойғыш ұшақтарын беруі жөнінде келісім болған.
Киев бастапқыда бұл шартқа келіскенімен, кейіннен одан бас тартқан. Осыған байланысты жойғыш ұшақтарды жеткізу үдерісі тоқтатылған.