Пентагон басшысы Израильге келді
АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Израильге премьер-министр Биньямин Нетаньяху және Израиль қорғаныс министрі Йоав Галантпен кездесу үшін келді.
AP хабарлауынша, Пентагон басшысы сондай-ақ Израильдің америкалық қару-жарақ пен басқа да шұғыл көмекті қалай басқаратынымен танысады.
Израиль шенеуніктерімен келіссөздер барысында Остин Хамас шабуылынан кейін Израильге қолдау білдіретін болады.
Бұл Остиннің Пентагон басшысы ретінде Израильге үшінші сапары.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне орай, Остиннің сапарының мақсаты «Израильді өзін қорғау үшін қажет нәрсенің барлығымен қамтамасыз ету міндеттемесін» білдіру. Сонымен қатар, Остин Израиль басшыларымен Израильдің операциялық жоспарын талқылауды жоспарлап отыр.
Бір күн бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Израильге келген болатын.