Пашинян отставкаға кететіндігін мәлімдеді
Армения премьер-министрі Никол Пашинян осы жылдың сәуірінде отставкаға кететінін мәлімдеді.
Пашинянның айтуынша, ол саясаттан кету үшін емес, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін отставкаға кетеді.
Сайлауға дейін Пашинян премьер-министрдің міндетін атқарушы болып қалады. Сайлау 20 маусымға жоспарланған.
Армениядағы саяси дағдарыс Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыста Әзірбайжаннан жеңілгеннен бері жалғасып келеді. Ақпан айының соңында дағдарыс Армения Қарулы Күштерінің Бас штабы Пашинянның қызметінен кетуін талап еткен кезде күшейе түсті. Қазіргі уақытта Ереванда премьер-министрдің жақтаушылары мен қарсыластарының демонстрациясы күн сайын өтіп жатыр.