Өзбекстан Президенті «Aksa Enerji» компаниясының басшысын қабылдады
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Отын-энергетика саласындағы инвесторлар кеңесінің алғашқы отырысы аясында Түркияның «Aksa Enerji» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Жамил Казанчиді қабылдады.

Кездесу барысында компаниямен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, атап айтқанда, оның Өзбекстанның энергетика саласын дамыту және технологиялық жаңғырту жобаларына қатысу мәселелері қаралды.


Тараптар нақты жобаларды іске асыру жұмыстарын жеделдетуге келісті.