Орталық банк негізгі мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде сақтап қалды
ӨР Орталық банк Басқармасының 16 қыркүйектегі отырысында негізгі мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды.
Орталық банк мәліметіне сәйкес, елде инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасеп келеді. Атап айтқанда, тамыз айында жылдық жалпы инфляция 6,2 пайызды, ал базалық инфляция 5,5 пайызды құраған.
Экономикада белгілі бір теңгерім белгілері байқалғанымен, инфляциялық қысым әлі де сақталып отыр. Атап айтқанда, инфляциялық күтулердің төмендеуі жалпы инфляцияға қарағанда баяу жүріп жатыр.
Сонымен қатар әлемдік нарықтарда шикізат, азық-түлік және энергиялық ресурс бағасының жоғары деңгейде сақталуы, сондай-ақ реттелетін бағаларды ырықтандыру үдерісі инфляция үшін негізгі тәуекелдердің бірі ретінде бағалануда. Қазіргі уақытта оң нақты пайыздық мөлшерлемелер халықтың жинақ жасауға деген бейімділігін қолдап отыр.
Орталық банк инфляцияны кезең-кезеңімен төмендетіп, 2027 жылдың соңына дейін 5 пайыздық нысаналы көрсеткішке қол жеткізу үшін қажетті ақша-кредит жағдайларын қамтамасыз етуді жалғастырады.
Негізгі мөлшерлемені қайта қарау жөніндегі Орталық банк Басқармасының келесі отырысы 2026 жылғы 28 қазанда өтеді.