Нөкістің күзгі келбеті
Күз келісімен Нөкіс қаласы да ажарланып, айрықша көрікке бөленеді. Ағаш жапырақтары сары алтын түстің сан алуан реңіне еніп, саябақтар мен көше бойына төгілген қоңыр күздің бояуы қалаға ерекше бір жылылық сыйлайды.
Күздің қоңыр салқын самалы, ағаш арасынан сығалап түскен күн сәулесі мен саябақтарды тербеген тыныштық осы мезгілдің өзіне тән әсем сырын аша түседі. Қаланың күнделікті тіршілігі де күзгі табиғатпен астасып, көзге жылы, көңілге жайлы көрініс береді.
Әсіресе, саябақтар мен гүлзарлардағы алуан түске боялған ағаштар, аяқ астына кілемдей төселген сарғайған жапырақтар күздің көркем сәттерін сезіндірмей қоймайды. Табиғаттың осынау құбылмалы шағы қалаға өзгеше рең беріп, әр көрініске өзіндік әуез дарытады.
[gallery-32316]
Фотосуреттерден Нөкістің күзгі ажарын, қала тіршілігінің қарапайым да шынайы сәттерін көруге болады.
суреттерді түсірген М.ХАБИБУЛЛАЕВ, ӨзА