«Moody’s» Өзбекстанның кредиттік рейтингін жақсартты
«Moody's» халықаралық рейтинг агенттігі Өзбекстанның егемен кредиттік рейтингін бір сатыға көтеріп, «Ba3» деңгейінен «Ba2» деңгейіне жақсартты. Ал рейтинг болжамы «оңнан» «тұрақтыға» өзгертілді.
Экономика және қаржы министрлігінің мәліметінше, агенттік бұл шешімді елдегі институционалдық реформалардың жүйелі жалғасуы, экономикалық саясаттың тиімділігінің артуы және экономикалық әрі фискалдық тұрақтылықтың нығаюымен байланыстырған.
Соңғы бір жылда Өзбекстанның егемен кредиттік рейтингі алты рет жақсарып, сыртқы қарыз тарту құнын орта есеппен 1,5 пайызға төмендетуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, 20-дан астам банк пен кәсіпорынның рейтингтері де көтерілді.
«Moody’s» есебінде экономиканы әртараптандыру, бюджеттік тәртіпті күшейту, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту, энергетика саласын ырықтандыру және жекешелендіру реформалары оң бағаланған.
Сондай-ақ агенттік Өзбекстан экономикасының сыртқы тәуекелдерге қарамастан жоғары өсу қарқынын сақтап отырғанын атап өтті. 2025 жылы экономикалық өсім 7,7 пайызды, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында 8,7 пайызды құрады.