Молдовада президенттік сайлауға 11 кандидат тіркелді
Молдовада 20 қазан күні өтетін президенттік сайлауға байланысты 11 кандидат тіркелді.
Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Үміткерлер арасында қазіргі президент Майя Санду, Гагаузия автономиялық аумақтық бірлігінің бұрынғы басшысы Ирина Влах, журналист Наталья Морал, бұрынғы прокурор Виктория Фуртуне, сондай-ақ 2019-2021 жылдар аралығында бас прокурор болған Александр Стояногло, бұрынғы мэр Ренато Усатий, экс-премьер-министрлер Василий Тарлев, Ион Кику және басқа да үміткерлер бар.
Қазіргі уақытта сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Егер бірінші турда ешбір кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, екінші кезең өтеді.
Айта кетейік, сол күні президенттік сайлаумен қатар Молдованың Еуропалық Одаққа кіруі бойынша референдум қатар өтпек.