Малайзия БРИКС-ке қосылуға өтініш берді
Малайзия БРИКС халықаралық қауымдастығына мүше болуға өтініш берді. Бұл туралы Bernama ақпарат агенттігі хабарлады.
«Малайзия БРИКС-ке төрағалық етіп жатқан Ресейге ұйымға мүше болу немесе оған стратегиялық серіктес ретінде қатысу туралы ресми өтініш жолдады», - деп хабарлайды агенттік премьер-министр Анвар Ибрагимнің сөзін.
Премьер-министрдің айтуынша, 27 шілдеде Куала-Лумпурға барған Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Малайзияның бұл топқа қосылу мәселесі басты мәселе болды.
Агенттік дерегінше, Малайзия үкіметі БРИКС-ке қосылу ниетін маусым айының ортасында жариялаған.