Ұлыбритания ханзадасы жұбайымен бірге Үндістанға барады
Ұлыбритания ханзадасы Уильям мен жұбайы Кейт Үндістанға сапары барысында Мумбайда өтетін «Earthshot» сыйлығын табыстау рәсіміне қатысады.
DW басылымының хабарлауынша, ерлі-зайыптылар Үндістанда үш күн болады. Сондай-ақ олар үнді крикеті, сән әлемі мен киносына қатысты бірқатар іс-шараға барады.
Бұл сапар Кейт үшін корольдік отбасының халықаралық міндеттерін қайта атқаруға оралу жолындағы маңызды кезең болмақ.