Кувейт «өте үлкен» мұнай кен орнын тапты
Кувейт мұнай корпорациясы (KNK) Парсы шығанағындағы Кувейттің Файлака аралының шығысында «өте үлкен» Аль-Нохата мұнай кен орнының табылғанын хабарлады.
Корпорацияның бас директоры шейх Наваф Сауд әл-Сабахтың мәлімдеуінше, оның қоры елдің барлық тау-кен өндіру көлемінің үш жылдық құнына тең.
Оның айтуынша, алдын ала болжам бойынша бұл кен орнында шамамен 2,1 миллиард баррель мұнай және 5,1 триллион текше фут газ болуы мүмкін, бұл шамамен 3,2 миллиард баррель мұнайға тең.
Кувейт әлемдегі ең үлкен мұнай қорларына ие. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қорытындысына сай ол әлемде алтыншы орынға ие. Ал елдің жалпы мұнай қоры 100 миллиард баррельден асады немесе дүние жүзіндегі жалпы қордың 6,55 пайызын құрайды.