Көтерілісшілер Непалда Hilton қонақ үйін өртеп жіберді
Непал астанасы Катмандуда Hilton қонақүйі жанып кетті. Көтерілісшілер от қойған ғимаратты өшіру мүмкін болмаған.
Khabarhub басылымының хабарлауынша, қонақ үй мен «Непал конгресі» билеуші партиясы жетекшісінің ұлы арасында байланыс бар деген хабарлардан кейін көтерілісшілер Hilton ғимаратын өртеп жіберген.
Бұған дейін Непалдағы «Z ұрпағы» көтерілістері кезінде Үкімет үйі мен елдің нышаны саналатын Сингха Дурбар сарайы өртке оранып, күлге айналған еді.