KOICA Өзбекстанға 14 миллион доллар грант бөлді
Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі Өзбекстанда IT-білім беруді дамытуға бағытталған 14 миллион долларлық ірі жобаны бастайды.
Бұл туралы ӨР Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматовпен өткен кездесуде белгілі болды.
Жоба аясында жастар жасанды интеллект, бағдарламалау, «промпт» инженериясы, IoT және онлайн маркетинг сияқты заманауи бағыттар бойынша жүйелі түрде оқытылады.
Сондай-ақ жүздеген маман мен оқытушы біліктілігін арттырып, кореялық сарапшылардың қатысуымен стартап бағдарламалары іске қосылады.
2026–2032 жылдары Нөкіс пен Қаршы қалаларында IT-хабтар құрылып, тағы 7 ауданда заманауи IT орталықтар ашылады.
Жоба жастарды жұмыспен қамтуға, стартаптарды дамытуға және цифрлық экономиканы ілгерілетуге ықпал етеді.