Италия Испаниямен Шенген келісімін уақытша тоқтатуы мүмкін
Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Испанияның Сеута автономиялық қаласына ағылған заңсыз мигранттар легіне байланысты Мадридпен арадағы Шенген келісімінің қолданысын уақытша тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.
Мелонидің айтуынша, Сеутадағы қазіргі жағдай бүкіл Еуропа шекараларының қауіпсіздігіне елеулі қатер төніп тұрғанын көрсетіп отыр. Испаниялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы бір аптада Марокко арқылы Сеутаға 1500-ден астам мигрант өткен.
Осы дағдарыстан кейін Испания үкіметі автономиялық қаладағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қосымша әскери күштерді жұмылдырды.