Испания «алтын визалардан» бас тартты
Испания үкіметі жылжымайтын мүлікке ірі инвестициялар үшін елде тұруға құқық беретін «алтын визалардан» бас тарту туралы шешім қабылдады.
Сейсенбі, 9 сәуірдегі Испания министрлер кабинеті 2013 жылдан бері қолданылып келе жатқан «алтын визалар» ережесін өзгертті. Еуроодақ елдерінің азаматы болып табылмайтын шетелдік инвесторларға жалақы алушы ретінде жұмыс істеу құқығымен елде тұруға рұқсат беріледі деп қарастырылған болатын.
Жылжымайтын мүлікке бөлінген қаражат 500 мың еуродан кем болмауы керек. Инвестордың отбасы мүшелері де Испанияда тұру құқығына ие болған.
Министрлер кабинеті бұл шешімді «жылжымайтын мүлік алыпсатарлығы және Испанияда ақшаға жеңілдіктер сатып алу мүмкіндігіне» қарсы күреспен түсіндірген.