Иранда БАӘ-ге тиесілі мұнай танкері ұсталды
Иран билігі Панама туы астында жүзіп жүрген, Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) тиесілі мұнай танкерін ұстады. Бұл оқиға Бандар-э-Жаск портынан шамамен 95 шақырым солтүстік-батыста орын алған.
Бұл жөнінде «Reuters» агенттігі Ұлыбританияда орналасқан «Ambrey» теңіз қауіпсіздігі компаниясына сілтеме жасап хабарлады. Компания өкілінің айтуынша, кемеден «тұтқындалды» деген шұғыл хабарлама келіп түскен.
Оқиғаның нақты себептері мен танкердің қай портқа жеткізілгені әзірге белгісіз. Теңіз қауіпсіздігіне жауапты ұйымдар жағдайды бақылап отыр.