Иранда 4,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Сенбі күні Иранның оңтүстігінде 4,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бушер қаласынан шамамен 61 км солтүстік-батыста орналасқан, онда 165 мыңдай адам тұрады. Фокус 2 км тереңдікте орналасқан.
Әзірше зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, Иранның атом электр станциясы Бушердің жанында орналасқан, оның алғашқы энергоблогы 2013 жылы іске қосылды. Қазіргі уақытта екінші энергоблоктың құрылысы жүріп жатыр, келешекте үшіншісін салу жоспарланған. Жұмыс блогының қуаты 1000 МВт құрайды.