Иран Президентінің Өзбекстанға сапары басталды
Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының он алтыншы саммитіне қатысу үшін 9 қарашада Өзбекстанға келді.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.


Айта кету керек, Өзбекстан мен Иран арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер соңғы жылдары тиімді кешуде. Өзара ынтымақтастықтың түрлі салаларын қамтитын бірқатар құжаттар қабылданды.


Еске сала кетсек, өткен жылдың 14 қыркүйегінде Президент Ибрагим Раиси Өзбекстанға сапармен келген еді. Мемлекет басшысы осы жылдың 18 маусымында Иранға ресми сапармен барды.
<iframe width="866" height="487" src="https://www.youtube.com/embed/JmMhAsI38Os" title="Эрон Президентининг Ўзбекистонга ташрифи бошланди" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>Икрам АВВАЛБАЕВ,
Насиржан ХАЙДАРОВ (сурет), ӨзА