Иран Президенті Өзбекстанға ресми сапармен келді
Президент Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси 14 қыркүйекте Өзбекстанға ресми сапармен келді.
Мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
[gallery-8776]
Екі ел арасындағы келіссөздер мен сапарлар аясындағы іс-шараларда көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері қарастырылатын болады. Сауда, кооперация, инновациялар, көлік, энергетика, туризм және басқа да салалардағы практикалық ынтымақтастық туралы бірқатар бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланған.
15-16 қыркүйек күндері Президент Ибрагим Раиси ШЫҰ-ның Самарқанд саммитінің іс-шараларына қатысады.
А.Мусаев, А. Абдуллаев
О.Мирсагатов алған суреттер, ӨзА