Иран Израильді зымыранмен атқылады
1 қазан күні түнгі уақытта Иран Израильді зымыранмен атқылады.
IRNA агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы сақшылар корпусы бұл соққыларды Ливанға шабуыл және Хасан Насрулланың өлімі үшін жауап деп атаған. Кейбір деректерге сәйкес, Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Иран зымырандарын ұстап қала алмаған, нәтижесінде олар жерге түскен. Қираулар мен құрбандар туралы нақты мәліметтер айтылмаған.
Алғашында кейбір басылымдар жүзге жуық зымыран туралы хабарлаған еді, кейінірек Jerusalem Post газеті нақты дереккөзге сүйенбестен, 500-ге жуық зымыран болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху баллистикалық зымыранмен жаппай шабуыл жасаған Иран «үлкен қателік жасағанын және оның құнын өтейтінін» мәлімдеді,
АҚШ президенті Джо Байден өз әскери күштеріне Израильге көмек көрсету туралы бұйрық бергенін Ақ үй хабарлады.