Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін сатып алғысы келетінін айтты
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы өнертапқыш Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін сатып алғысы келетінін мәлімдеді.
Ixbt порталының дерегінше Илон Маск Twitter-дің 100 пайыз акциясын сатып алып, оны жеке компанияға айналдырғысы келеді.
Tesla басшысы әрбір акция үшін 54,20 доллар баға ұсынған және копанияның жалпы акциясын 43 млрд долларға бағалаған.
Илон Маск Twitter «бүкіл әлемде сөз бостандығын қамтамасыз етуге қауқаты жететін платформа бола алады» деген.
Бұған дейін 2 сәуірде Маск Twitter-дің 9,2 пайыз акциясын сатып алған және компанияның ең ірі акционері атанған еді.