Германияда шағын ұшақ тұрғын үй үстіне құлады
Германияда шағын ұшақ тұрғын үйлер үстіне құлап, нәтижесінде үш азамат мерт болған
Германияда шағын ұшақ тұрғын үйлер үстіне құлап, нәтижесінде үш азамат мерт болған.
«FOCUS Online» ақпарат көзінің жергілікті полицияға сілтеме жасаған хабарында, апат Германияның Везель қаласында болған. Онда жеңіл түрдегі ұшақ тұрғын үйлер үстіне құлауы нәтижесінде үйдің үсткі бөлігі қираған. Апаттан үш кісі қаза болғандығы мен бір жасөспірімнің жарақат алғаны айтылады. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарының жүргізілуіне орай үй ішінде де адамдар болуы мүмкін деген болжам бар.
Апаттың салдары әзірше нақты емес, бірақ оқиға болған маңда парашут табылған. Соған қарағанда ұшақ төтенше жағдайда қонуға әрекет еткендігі айтылады, газета хабарында.