Германияда карантин сәуір айының ортасына дейін ұзартылды
Германия канцлері Ангела Меркель елдегі карантиндік режим 18 сәуірге дейін ұзартылатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек, айдың алғашқыкүндеріне тура келетін Пасха мерекесіне де шектеулер күшейтілетін болады.
«Біз қазір өте күрделі жағдайдамыз. Коронавирустың мутациялық түрі үлкен қауіп болып тұр» - деген ол.
Германияда карантин 2020 жылдың қарашасында енгізіліп, 16 желтоқсаннан бастап шектеулер қайта күшейтілген болатын.
Бавария премьер-министрі Маркус Зедер бұл шешімді «Пасха локдаун» деп атады. Кох институты бұл вирустың Германияда тез таралып жатқанын және пандемияның үшінші толқыны елге таралып жатқанын айтады. Үкімет әсіресе вирустың британдық штаммының таралуына алаңдаулы. Вакцинация проблемаларының артында үкімет вакциналарға ғана емес, шектеулерге де сүйенуді жөн санаған.
1 - 5 сәуірге дейін елдегі барлық дүкендер дерлік жабылатын болып, діни қызметтер онлайн режиміне көшеді. 3 сәуірде азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, 3 күндегі тәуліктік сырқаттану деңгейі 100 мың адамға шаққанда 100 жағдайдан асатын жерлерде қатаң шектеулер енгізіледі.