Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 1600-ге жуық жаңа санкцияны мақұлдады
Еуропалық Одақ Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешеніне қатысты 1 600-ге жуық жаңа санкцияны мақұлдады.
Бұл туралы Еуропалық Одақтың сыртқы саясат қызметінің басшысы Кая Каллас мәлімдеді.
– Бұл шектеулердің жартысынан астамы баллистикалық зымырандар өндіру тізбегіне қатысы бар субъектілерге бағытталған, – деп жазды Каллас өзінің X парақшасында.
Өткен сәрсенбіде Еуропалық Одақ елшілері қол жеткізген келісімді министрлер ресми түрде бекітіп, санкциялардың жаңа пакетін күшіне енгізді.