ДДСҰ хантавирус індетінің аяқталғанын жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) круиздік кемеде таралған хантавирус індетінің аяқталғанын жариялады.
ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, MV Hondius круиздік кемесіндегі соңғы жолаушы карантин мерзімін аяқтап, хантавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткеннен кейін үйіне оралған. 25 мамырдан бері жаңа жұқтыру деректері тіркелмеген.
«ДДСҰ хантавирус індетін аяқталды деп есептейді», – деді ұйым басшысы.
Індетке хантавирустың сирек кездесетін Анд вирусы штаммы себеп болған. Салдарынан 13 адам ауру жұқтырып, оның үшеуі көз жұмды.
MV Hondius круиздік кемесі 1 сәуірде Аргентинадан теңізге шыққан. 11 сәуірде кеме Аргентина мен Оңтүстік Африка арасындағы мұхитта болған кезде алғашқы науқас қайтыс болды. 26 сәуірде Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында тағы бір жолаушы көз жұмды. Ал 2 мамырда ұшақ бортында үшінші жолаушы қайтыс болды.
10 мамырда кеме Тенерифе порты маңына зәкір тастады. Медициналық себептермен бұған дейін эвакуацияланбаған жолаушылар жағаға шығарылып, кейін өз елдеріне ұшақпен жөнелтілді.