China Airlines әлемдегі ең ұзақ әуе рейсін ашпақ
Әуе көгі жаңа рекордқа куә болғалы тұр. Қытайдың China Eastern Airlines әуе компаниясы Шанхайдан (Қытай) Буэнос-Айреске (Аргентина) тікелей бағытты іске қоспақ.
Бұл - қашықтығы мен ұзақтығы жағынан әлемдегі ең ұзын әуе рейсі болмақ. Саяхатқа әйгілі Boeing 777-300ER лайнерлері атсалысады. Екі құрлықты жалғайтың ұшақта 316 жолаушыға жайлы орын қарастырылған.
South China Morning Post басылымының дерегінше, алғашқы рейс 4 желтоқсанда жүзеге асады. Ұшақ шамамен 20 мың шақырымды еңсереді. Жол бойы тек Жаңа Зеландияның Окленд қаласында екі сағаттық аялдама жасалады. Бұл жаңа бағыт Оклендтің Азия мен Оңтүстік Американы тоғыстыратын маңызды әуе торап ретіндегі мәртебесін арттыра түспек.
Шанхай ден Буэнос-Айреске ұшудың ұзақтығы: 25,5 сағат, ал, Буэнос-Айрестен Шанхайған 29 сағат (қарсы желдің әсерінен).
Алғашқыда компания жолаушыларға аптасына екі рет ұшу мүмкіндігін қарастырып отыр. Ал билеттер құны саяхаттың деңгейіне сай эконом-класс үшін 1500 еуродан бастап, бизнес-класс үшін 4 200 еуро және одан жоғары.
Бұл сапар уақыт пен кеңістікті жаңа өлшемде сезіндіретін, шынымен де адамзаттың әуе тарихындағы ерекше белес болмақ.