Боливия үкіметі 8,7 тонна есірткі тәркіледі
Боливия үкіметі Оруро департаментінде 8,7 тонна есірткі тәркіледі.
Ел президенті Луис Арсенің мәлімдеуінше, бұл жағдай Боливия үшін рекордтық көрсеткіш. Есірткі Нидерландыға экспортталатын жүк болған.
«Нидерландыға жіберілетін 8,7 тонна кокаин жүк көлігімен тасымалдану кезінде тәркіленді», - деп жазды Арсе әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кокаин плантацияларының 90 пайыздан астамы «Анд есірткі үшбұрышы» деп аталатын аймақта - Колумбия, Перу және Боливияда орналасқан.
Панамада, Эквадорда, Венесуэланың оңтүстік-батысында және Бразилияның солтүстік-шығысында кокаин плантациялары да бар. Оңтүстік Американың төлем қабілеттілігі жоғары болғандықтан жыл сайын АҚШ пен Еуропа елдеріне жүздеген тонна кокаин жеткізіледі.