Білім агенттігінің негізгі міндеттері айқындалды
Президент Жарлығымен «Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Білім сапасын қамтамасыз ету ұлттық агенттігі туралы» ереже бекітілді.
Ереже Білім сапасын қамтамасыз ету ұлттық агенттігінің мәртебесін, міндеттері мен функцияларын, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Агенттік – орта арнаулы, кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, біліктіліктерді бағалау салаларында сыртқы сапа бақылауын жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік орган саналады.
Агенттіктің негізгі міндеттері мыналардан тұрады:
- білім беру ұйымдарында ішкі сапа бақылауының өлшемі мен тәртібін жетілдіру және олардың тиімді орындалуына әдістемелік ұсынымдар беру;
- білім беру ұйымдарында білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың тиімділігін зерделеу мақсатында ғылыми және практикалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ сауалнамалар өткізу.
Агенттік құрылымына Агенттіктің орталық аппараты және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту институты кіреді.