Биткоин бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады
АҚШ-тағы президент сайлауы және онда республикашыл Дональд Трамптың көшбасшылық етуі аясында биткоин бағасы 9,3 пайызға өсіп, 74 352 долларға жетті.
Binance биржасында жарияланған ең соңғы рет биткоин бағасы 2024 жылдың 14 наурызында тарихи максимумға жетіп, 73 777 долларға көтерілген еді.
Биткоин курсы АҚШ сайлауы күні жақындаған сайын өсе түсті. Бұған Республикашылар партиясынан президенттікке үміткер Дональд Трамптың сайлауалды сөзінде криптобизнесті қолдауы айтарлықтай әсер етті. Мамыр айында Трамп командасы ресми түрде криптовалюта арқылы сайлауалды науқанына қайырымдылық қабылдай бастады.
Биткоин Трамптың жарнамалық науқанының бір бөлігіне айналды. Қыркүйек айында саясаткер Нью-Йорктегі барда жақтастарына биткоинмен бургерлер сатып алып берді.
31 қазан күні Трамп биткоин қолданушыларын криптовалюта концепциясын сипаттайтын техникалық құжаттың алғаш жарияланғанына 16 жыл толуымен құттықтады.