Австралияда акула адамдарға шабуыл жасады
Австралияның шығысындағы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орын алған акула шабуылы салдарынан бір әйел көз жұмып, бір ер адам жарақат алды,
ABC телеарнасының дерегіне сәйкес, жағалаудағылар әйелге көмек көрсетуге әрекеттенген, алайда жедел жәрдем келгенше оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиға орын алған жағажай кешені қауіпті акуланы анықтау және іздеу жұмыстары үшін уақытша жабылған.