«Астон Вилла» УЕФА Еуропа лигасы жеңімпазы атанды
Англияның «Астон Вилла» клубы УЕФА Еуропа лигасы финалында Германияның «Фрайбург» командасын 3:0 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Осылайша Бирмингем ұжымы клуб тарихында алғаш рет аталған жарыстың кубогын иеленді.
Финалдық кездесу Стамбұл қаласындағы «Түпраш» стадионында өтті.
«Астон Вилла» үшін бұл соңғы 44 жылдағы алғашқы ірі еуропалық жүлде болды. Клуб бұған дейін 1982 жылы Еуропа чемпиондар кубогын жеңіп алып, финалда Германияның «Бавария» клубын 1:0 есебімен ұтқан еді.
Ал, «Фрайбург» өз тарихында алғаш рет еурокубок финалында өнер көрсетті.
УЕФА Еуропа лигасы 1971 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарыс саналады және беделі жағынан УЕФА Чемпиондар лигасынан кейінгі Еуропадағы екінші ірі клубтық турнир.