Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35 миллионнан асты
2021 жылдың 7 қыркүйектегі (сағат 16:20) жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35 000 196-ға жетті.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, олардың 17 миллион 570 мың 77 мыңы ер адам. Ал 17 миллион 430 мың 99 мыңы қыз-келіншектер екені белгілі болды.
Соңғы 30 жылда Өзбекстанның тұрақты халқының саны 14 миллионға жуық адамға өскен. Елдегі тұрақты халықтың өсу қарқыны 101,9 пайызды құрайды. 2021 жылдың әр күнінде тұрақты халық саны орташа есеппен 1,7 мың адамға өсіп отыр.
Еске салар болсақ, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны 34,5 млн адамды құраған болатын.