ӨзА Қазақ

16.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Зеленский Украина президенті ретінде ант береді

Зеленский Украина президенті ретінде ант береді

Украина Жоғары Радасы президенттікке сайланған Владимир Зеленскийдің инаугурациясын 20 мамыр күніне белгіледі. 

РИА Новостидің хабарына сәйкес, Владимир Зеленский 19 мамыр күні ант қабылдауды қалаған. Бірақ бұл датаны тек 207 депутат қана қолдаған. 19 мамыр күні Украинада Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні болғандықтан, депутаттардың басым бөлігі инаугурация өткізуге бұл күнді қолайсыз деп есептеген. Ал, 315 депутат ант қабылдау күнін 20 мамырға өтуін қолдап дауыс берген. 

Ант беру рәсімі сайлау нәтижелері жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде, яғни 3 маусымға дейін өтуі керек. 

12 030
ӨзА