ӨзА Қазақ

19.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытайдың Ухань қаласында бір тәулікте ешкім коронавирус жұқтырмады. Ал Италияда 425 жанның өлімі тіркелген

Қытайдың Ухань қаласында бір тәулікте ешкім коронавирус жұқтырмады. Ал Италияда 425 жанның өлімі тіркелген

Коронавирустың қайнар ошағы болған Ухань қаласында өткен бір тәулік ішінде ешкім «Covid-19» індетін жұқтырғандық жағдайы тіркелмеген. Ал Италияда осы тәулікте 425 адам вирус кесірінен жан тапсырған.

Қытай билігі елде жаппай тараған тәжіндетінің төтенше жағдайды кезінде, барлық қауіпсіздікті шындап қолға алғандығының арқасында ондағы аурулардың дені бүгінге дейін емделуде. Тіпті осы індеттің ошағы болған Ухань қаласында бір тәулікте ешкім вирус жұқтырмаған.

Ал Италия қауіпсіздікті кеш қолға алып, оның өзінде ел аумағындағы тұрғындар арасындағы қарым-қатынасты шектей алмағанның салдарынан осы сәтте коронавирустың Еуропадағы қайнар көзіне айналды. Бүгінге дейін осы індетпен ауырғандар саны 35 713 жетті. 2978 тұрғын қаза тауып, 4 мыңнанастам жан емделген. 

Қазір Қытайда вирустың тарауының беті қайтып ахуал оңалып келеді, Италияда жалпы Еуропада бұл жағдай сәт сайын асқынуда. Қытайлық мамандардың айтуынша Италияда бұл аурудың күрт өсуінің себебі дәрігерлер емдеу тәсілін дұрыс жасамағандығанда деп есептейді. 

Жалпы алғанда қазір әлемде 222 мың адам коронавирус жұқтырған. 84506 адам сауығып, 9115 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университетінің арнайы коронавирусқа қатысты деректер сайты. 

3 095
ӨзА